Атырауда балық өнімдерінің үлгілері зерттелді
В Атырау исследовали образцы рыбной продукции 08.04.2022

Өнім  қауіпсіздігі  мониторингі  аясында Атырау  облысы бойынша  «Ұлттық   сараптама орталығы» филиалының бактериологиялық зертханасына балық  өнімдерінің    сынамалары  келіп түсті. Зерттеу  үшін  барлық үлгілер  жоспар бойынша облыс көлеміндегі сауда орындарынан  алынды.

Атап айтқанда 2022 жылдың бірінші тоқсанында «Балық және балық  өнімдерінің қауіпсіздігі» 040/2016 ЕЭО ТР сәйкестігіне облыс бойынша барлығы 26 сынама алынып,156 микробиологиялық зерттеу жүргізілді.

Ресей Федерациясының Астрахань қаласында өндірілген  балық  пресерві  «Майдағы  атлант  филе  бөліктері» сынамасынан «Мезофильді аэробты, факультативті-анаэробты  микроорганизмдер(МАФАМс)» көрсеткіші -9*106    КҚБ/г деңгейде  анықталды (КҚБ/г-1 грамдағы колония құрайтын  бірлік).

Бұл  балық  өнімінің  микробиологиялық көрсеткіші «Мезофильді аэробты, факультативті-анаэробты  микроорганизмдер» бойынша жоғарыда аталған нормативтік құжатта  бекітілген нормасы-2*105 КҚБ/г-дан жоғары болмау  тиіс. Сондықтан  бұл көрсеткіш бойынша нормативтік  деңгейден  жоғары болып ауытқушылық  анықталды. 

Мәлімет үшін: КҚБ - Колония  құрайтын  бірлік дегеніміз  толыққанды   микробтық  колония  кұра алатын бактериялардың  санын  білдіреді. КҚБ  зерттелген  өнімнің 1 грамында  анықталады, нәтижесінде КҚБ/г  көрсеткіші алынады.