Шымкент қаласына жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы – Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Сархат Бейсенова және ҚР ДСМ СЭБК "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК Басқарма төрағасы Ерлан Қиясов келді.
Сапар барысында делегация қаланың санитариялық-эпидемиологиялық қызметінің жұмысымен танысып, ҰСО зертханалық бөлімшелерін аралады, сондай-ақ материалдық-техникалық база мен мамандардың еңбек жағдайларын бағалады.
Зертханалық зерттеулердің сапасын арттыру, эпидемиологиялық қадағалаудың тиімділігі және өңір халқының санитариялық-эпидемиологиялық әл-ауқатын қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар, кездесуде санитариялық-эпидемиологиялық сараптама саласындағы өзекті міндеттер мен перспективалық бағыттар, соның ішінде инфрақұрылымды одан әрі жаңғырту және цифрлық шешімдерді қызмет жұмысына енгізу мәселелері талқыланды.