05.06.2026
Материалдық-техникалық базаны нығайту және қызмет тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар аясында Ұлттық сараптама орталығының филиалдары автопаркті заманауи мамандандырылған автокөліктермен кезең-кезеңімен жаңартуды жалғастыруда.
Кезекті автокөлікпен толықтыру Түркістан облысы бойынша Ұлттық сараптама орталығының Дезинфекция орталығымен жүзеге асырылып, оның қарамағына алты жаңа автокөлік берілді.
Заманауи автокөлік дезинфекциялық қызметтің жұмысын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Ол нысандарға жедел шығуды жүзеге асыруға, қажетті эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізуге және бөлімшелердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Ұлттық сараптама орталығының материалдық-техникалық инфрақұрылымын жүйелі түрде дамыту санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің тиімділігін арттыруға, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз етуге және қоғамдық денсаулықты қорғау жүйесін нығайтуға бағытталған.