Кері қоңырау шалуға тапсырыс беру

App Store-дан жүктеу

Play Market-тен жүктеу

Ұлттық сараптама орталығының маманы «Өз кәсібінің үздігі – 2026» байқауының жеңімпазы атанды

Специалист Национального центра экспертизы стала победителем конкурса «Лучший в профессии – 2026» 18.06.2026

Астанада  Бейбітшілік және келісім сарайында Медицина қызметкері күніне орай медициналық қызметкерлер арасындағы республикалық байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Байқау жеңімпаздарының қатарында Ұлттық сараптама орталығының Алматы облысы бойынша филиалы бактериологиялық және паразитологиялық зерттеулер зертханасының санитариялық-эпидемиологиялық қызмет дәрігері Алия Жансеитова бар. Ол «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың үздік маманы» атағына ие болды.

Бұл жоғары марапат маманның көпжылдық кәсіби тәжірибесін, жоғары біліктілігін және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз етуге қосқан елеулі үлесін мойындау болып табылады.

Алия Қайртайқызы санитариялық-эпидемиологиялық қызметке 28 жылын арнаған. Ол Қарағанды мемлекеттік медицина институтын «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы бойынша тәмамдап, еңбек жолын дәрігер-бактериолог болып бастаған, кейін бактериологиялық зертхананы басқарған. Қазіргі таңда ол Ұлттық сараптама орталығының Алматы облысы бойынша филиалының бактериологиялық және паразитологиялық зерттеулер зертханасында қызмет атқарады.

Еңбек жолы барысында Алия Жансеитова өңірдегі зертханалық диагностиканың дамуына елеулі үлес қосты. Ол бактериологиялық зерттеулердің заманауи әдістерін меңгерген, тағамнан улану жағдайларын және ауруханаішілік инфекцияларды тергеуге қатысады, микробиологиялық бақылау мәселелері бойынша зертханаларға кеңес береді және зертханалық диагностика саласына заманауи тәсілдерді енгізуге атсалысады.

Маман кәсіби біліктілікті арттыруға ерекше көңіл бөледі. 2024 жылы ол Германияда зертханалық қызметті ұйымдастыру, биологиялық қауіпсіздік және «Бір денсаулық» тұжырымдамасын іске асыру мәселелері бойынша оқудан өтті.

Алия Жансеитованы лайықты жеңісімен құттықтап, оған кәсіби жетістіктер мен еліміздің денсаулық сақтау жүйесі игілігі жолында жаңа табыстар тілейміз.

Сурет галереясы

Ұлттық сараптама орталығының маманы «Өз кәсібінің үздігі – 2026» байқауының жеңімпазы атанды 1 Ұлттық сараптама орталығының маманы «Өз кәсібінің үздігі – 2026» байқауының жеңімпазы атанды 2 Ұлттық сараптама орталығының маманы «Өз кәсібінің үздігі – 2026» байқауының жеңімпазы атанды 3