Кері қоңырау шалуға тапсырыс беру

App Store-дан жүктеу

Play Market-тен жүктеу

Ұлттық сараптама орталығы алғаш рет «NCE HACKATHON» байқауын өткізді

Национальный центр экспертизы впервые провел конкурс «NCE HACKATHON» 30.06.2026

Ұлттық сараптама орталығында цифрландыру мен жасанды интеллект технологияларына арналған инновациялық жобалардың «NCE HACKATHON» байқауы алғаш рет ұйымдастырылды.

Байқауға Ұлттық сараптама орталығының барлық филиалдары мен бөлімшелерінің қызметкерлері қатысты. Байқау комиссиясының қарауына жеке және командалық форматтағы барлығы 16 жоба ұсынылды.

Қатысушылар өз жобаларын байқау комиссиясына тікелей қорғау форматында таныстырды. Жобаларды бағалау барысында олардың өзектілігі, инновациялық сипаты, тәжірибеде іске асыру мүмкіндігі, экономикалық тиімділігі және Кәсіпорын қызметіне тигізетін ықтимал пайдасы ескерілді.

Байқау жеңімпаздары ақшалай сыйлықтармен марапатталады, ал барлық қатысушыларға алғыс грамоталары табысталады.

«NCE HACKATHON» қызметкерлердің бастамаларын қолдауға, тәжірибе алмасуға және Кәсіпорынның дамуына ықпал ететін заманауи шешімдерді іздеуге арналған жыл сайынғы алаңға айналады.