Әр жылдары санитарлық дәрігер, Целиноград қалалық санитарлық-эпидемиологиялық станциясының коммуналды гигиена басқармасының меңгерушісі, Целиноград қалалық және аудандық Халықтық бақылау комитеттерінің инспекторы, Целиноград облыстық санитарлық-эпидемиологиялық станциясының бас дәрігерінің орынбасары, басқарма бастығы, Астана қаласы бойынша Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің департамент директоры, ҚР ДСМ Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі төрағасының орынбасары болып жұмыс жасады.
Бекшин "Құрмет" орденына, "Ерен еңбегі үшін" мемлекеттік медальға, "Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне бес жыл" , "Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл", "Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл", "Бес жыл Астана", "10 жыл Астана" мерейтойлық медальдарына ие.