Кері қоңырау шалуға тапсырыс беру

App Store-дан жүктеу

Play Market-тен жүктеу

ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Түркістан облысы бойынша филиалы директорының орынбасары бос орын лауазымына орналастыру конкурсын өткізу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны (бұдан әрі – Кәсіпорын) Кәсіпорынның Түркістан облысы бойынша филиалы директорының (экономикалық және әкімшілік-шаруашылықты қамтамасыз ету жөніндегі) орынбасары бос орын лауазымына орналастыруға конкурс жариялайды.

Кәсіпорын қызметінің міндеті денсаулық сақтау аумағындағы қызметті іске асыру болып табылады.

Кәсіпорын қызметінің мақсаты халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулығын қамтамасыз ету болып табылады.


Кәсіпорынның Түркістан облысы бойынша филиалы директорының (экономикалық және әкімшілік-шаруашылықты қамтамасыз ету жөніндегі) орынбасары бос орын лауазымына біліктілік талаптары:

Кәсіпорынның Түркістан облысы бойынша филиалы директорының (экономикалық және әкімшілік-шаруашылықты қамтамасыз ету жөніндегі) орынбасары бос орын лауазымына орналастыру конкурсына:

"Бизнес, басқару және құқық" (экономикалық, қаржылық) даярлау бағыты бойынша жоғары (және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және бейіні бойынша кемінде 5 жыл немесе денсаулық сақтау саласында кемінде 3 жыл жұмыс өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.


кәсіби білімге: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексін, "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының кодексін, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін, "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы"Қазақстан Республикасының Заңын, "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау "Салауатты ұлт" ұлттық жобасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 725 қаулысын, "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығын; қазіргі заманғы басқару қызметінің стратегиялық және ұйымдастырушылық аспектілерді; Денсаулық сақтау ұйымдарының жоспарлы-экономикалық және қаржылық қызметі; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік жөніндегі тәртіп пен нормаларды; Төтенше жағдайлар кезіндегі қызметті ұйымдастыруын білу.


Қызметтік міндеттері:

1. Филиалдың қаржы-шаруашылық қызметі және экономикалық жоспарлау жөніндегі жұмысына басшылықты жүзеге асырады.

2. Филиалдың даму жоспарын дайындау, әзірлеу, келісу және бекіту жөніндегі жұмысты ұйымдастырады.

3. Филиалдың өндірістік-шаруашылық қызметінің нәтижелерін есепке алу және талдау бойынша әдістемелік басшылықты және жұмысты ұйымдастыруды жүзеге асырады.

4. Филиалдың еңбек тиімділігін, қаржы-шаруашылық дербестігін арттыруға бағытталған ұсыныстар дайындайды.

5. Мемлекеттік сатып алу жоспарын жасау және орындау, мемлекеттік сатып алу порталында әлеуетті өнім берушілермен және Тапсырыс берушілермен, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалармен олардың өтініштері негізінде шарттар уақтылы жасасу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады.

6. Келіп түскен ақша қаражаттарының есебін жүргізуді, тауарлық-материалдық құндылықтардың есебін жүргізуді, негізгі құралдар мен тауарлық-материалдық құндылықтардың түгендеуін жүргізуді қамтамасыз етеді.

7. Филиалдың материалдық-техникалық жарақтандыру мәселелері бойынша қызметін бақылайды;

8. Табыстардың уақтылы түсуін, қаржылық есеп айырысу және банк операцияларын белгіленген мерзімде ресімдеуді, өнім берушілердің шоттарды төлеуін, жұмысшылар мен қызметшілердің пайыздарын, жалақысын төлеуді, салықтар мен алымдарды бюджетке аударуды, банк мекемелеріне төлемдерді бақылауды жүзеге асырады.

9. Кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметін талдайды. Бюджет қаражатын және ақылы қызмет көрсетуден түскен қаражатты жұмсауды оңтайландыру бойынша ұсыныстар береді.

10. Ақылы қызметтер көлемін жоспарлау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады және ақылы қызметтер көрсетуден түсетін кірістер жөніндегі жоспардың орындалуын бақылайды.

11. Көрсетілетін қызметтердің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруды, сондай-ақ олардың мемлекеттік стандарттарға сәйкестігін қамтамасыз етеді.

12. Филиалды техникалық және әкімшілік жаңғырту бойынша шаралар қабылдайды.

13. Филиалдың талап-арыз жұмысын ұйымдастырады.

14. Қаржылық-экономикалық есептілікті уақтылы ұсынуды ұйымдастырады.

15. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша комиссия жұмысы кезінде басшылықты қамтамасыз етеді;

16. Филиалдың аудандық бөлімшелеріне әдістемелік және практикалық көмек көрсетуді бақылауды қамтамасыз етеді.

17. Негізгі қорларды (ғимараттарды, сумен жабдықтау жүйелерін, ауа құбырларын және басқа да құрылыстарды) ағымдағы және күрделі жөндеу жоспарларын әзірлеуге, оларды филиал директорына бекітуге бере отырып, шаруашылық шығыстарының сметаларын жасауға қатысады;

18. Филиал директорына мемлекеттік тапсырысты және басқа да өндірістік-шаруашылық қызметті орындауға, жаңа заманауи технологияларды, инновацияларды енгізуге және мамандардың еңбегін ғылыми ұйымдастыруға қатысты жұмысты жақсарту жөнінде ұсыныс енгізеді.

19. Құзыреті шегінде зертханалардың, филиалдың аудандық бөлімшелерінің және басқа да бөлімдердің жұмысына жетекшілік етеді.

20. Бекітілген аумақтардың тиісті санитарлық жай-күйін қамтамасыз ету және оларды абаттандыру және көгалдандыру бойынша жұмыстарды жүргізу жөніндегі жұмысты үйлестіреді, жылыту маусымына дайындыққа жауап береді.

21. Салық органына жеке тұлғаның (және жұбайының/зайыбының) активтері мен міндеттемелері, кірістері мен мүлкі туралы декларацияларды уақтылы ұсынады, кейіннен кәсіпорынның персоналмен жұмыс және іс жүргізу департаментіне декларацияны тапсыру туралы хабарламаның көшірмесін ұсынады.

22. Сыбайлас жемқорлыққа, терроризмге және экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

23. Ішкі еңбек тәртібі, өртке қарсы қауіпсіздік және қауіпсіздік техникасы, еңбекті қорғау қауіпсіздігі, азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлар жөніндегі жұмыстар талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді.

24. Қазақстан Республикасының заңнамасына және Филиал туралы Ережеге сәйкес өзге де өкілеттіктерді орындайды

25. Филиал директоры болмаған уақытта (іссапар, демалыс, еңбекке жарамсыздығы) оның міндеттерін атқарады.

Конкурсқа қатысуға тілек білдірген азамат келесі құжаттарды қолма қол немесе курьерлік пошта арқылы ұсынуы қажет:

1) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген);

4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау бойынша мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама (egov арқылы беріледі);

7) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша түйіндеме.

Көрсетілген құжаттардың біреуі болмаса конкурсқа жіберуден бас тартуға негіз болып табылады. Құжаттарды курьерлік пошта арқылы алған жағдайда, олар қайтарылуға жатпайды.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне қатысты қосымша ақпаратты, лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттарды, кәсіби деңгейін (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.б.) ұсынады.

Конкурс келесі кезеңдерден тұрады:

  1. біліктілік бағасы;

  2. тестілеу;

  3. сұхбаттасу өткізу;

  4. конкурс қорытындысын шығару;

  5. тиісті саланың уәкілетті органымен келісім бойынша Кәсіпорын филиалының, өкілдігінің директоры және / немесе директордың орынбасары лауазымына тағайындау.


Конкурсты өткізу тәртібі Кәсіпорынның Басқармасының сырттай отырысының 2023 жылғы 21 қыркүйектегі № 55 шешімімен бекітілген Кәсіпорын жұмыскерлерінің бос орын лауазымдарын конкурстық орналастыру ережелерімен (Кәсіпорын сайтында орналастырылған) реттеледі.


Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 8.30-ден 13.00-ге дейін және 14.30-дан 18.00-ге дейін мына мекен-жай бойынша жүргізіледі: Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 6/1 үй, Каскад БО, 18 қабат, 6, 8 кабинеттері.


Құжаттарды қабылдаудың аяқталуы: 2026 жылғы 03 қыркүйек сағат 17.30.


Анықтама телефоны: 8(7172) 554903.