Кері қоңырау шалуға тапсырыс беру

App Store-дан жүктеу

Play Market-тен жүктеу

ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Ұлытау облысы бойынша филиалының санитариялық-эпидемиологиялық және зертханалық талдау бөлімінің басшысы бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Ұлытау облысы бойынша филиалы (бұдан әрі – Филиал) санитариялық-эпидемиологиялық және зертханалық талдау бөлімінің басшысы бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

Филиал қызметінің мәні денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыру болып табылады.

Филиал қызметінің мақсаты - халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету.

Біліктілік талаптары:

Филиал санитариялық-эпидемиологиялық және зертханалық талдау бөлімінің басшысы бос орын лауазымына орналастыруға арналған конкурсына "Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары білім және тиісті мамандық бойынша денсаулық сақтау саласындағы маман сертификаты, "Денсаулық сақтау менеджменті" ("Қоғамдық денсаулық сақтау") мамандығы бойынша сертификаттау курсын аяқтағаны туралы куәлік, мамандық бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.

Лауазымдық міндеттері:

1. Бөлім жұмысын жоспарлауды жүзеге асыру;

2. Филиалдың жылдық жұмыс жоспарымен бекітілген іс-шараларды, сондай-ақ Филиал директорының міндеттерін (тапсырмаларын) уақтылы және сапалы орындау;

3. Зертханалық кеңес отырыстарын, жұмыс тақырыптық отырыстарын ұйымдастыру және өткізу;

4. Зертханалық санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманың тиімділігін арттыру бойынша іс-шараларды әзірлеу және жүзеге асыруды ұйымдастыру;

5. Филиал бөлімшелерінің есеп беру деректерінің дұрыстығын бақылау;

6. Қоршаған орта объектілерінен сынамаларды Филиал зертханаларына жеткізу бойынша жылдық кестенің дайындалуын және орындалуын бақылау;

7. Ғылыми-зерттеу және ақшалай қызмет көрсету Тарифі аясында филиалдың мемлекеттік тапсырысы бойынша зертханалық зерттеулер, аспаптық өлшеулер және дезинфекциялық қызметтердің көлемінің жоспарын дайындау және орындауды бақылау;

8. Зертханалардың жұмысының негізгі көрсеткіштері бойынша облыстық, қалалық және аудандық бөлімшелердің қызметін талдау және бағалау, оның ішінде ай сайынғы мемлекеттік тапсырыстардың орындалуына және ақылы қызмет көрсету бойынша айлық жоспарлы көрсеткіштердің орындалуына талдау жасау;

9. Филиал жұмысының техникалық-экономикалық және әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін талдау және жүйелеу, оның бәсекеге қабілеттілігіне салыстырмалы талдау жүргізу;

10. Зертханалық санитарлық-эпидемиологиялық сараптама мәселелері бойынша жоғары және мүдделі органдарға аналитикалық есептер, ақпараттар және жауаптар дайындау;

11. Филиалдың зертханалық бөлімшелерінің қызметіне жыл сайынғы, тоқсан сайынғы және ай сайынғы талдаулар жүргізу, тиімділік көрсеткіштерін бағалау негізінде ұйым жұмысының нысандары мен әдістерін жетілдіру бойынша қажетті шаралар қабылдау;

12. «Зертханалық зерттеулер жүйесі» Бірыңғай интеграцияланған бағдарламалық қамтамасыз ету және «Бірыңғай ақпараттық портал» (БАП) бойынша ай сайынғы қорытынды деректер жиынының орындалуын бақылау;

13. Тиісті саланың уәкілетті органының аумақтық бөлімшелерімен бірлесіп зертханалық зерттеулерді, аспаптық өлшеулерді, дезинфекциялық, дератизациялық және дезинсекциялық қызметтерді мемлекеттік сатып алудың жыл сайынғы жоспарын әзірлеу;

14. ҚР ДСМ МКҚК аумақтық департаментінің бөлімшелерімен өз құзыреті шегінде өзара іс-қимылды қамтамасыз ету. Қызметті талдау нәтижелерімен алмасу;

15. Филиалдың зертханалары мен бөлімшелері бойынша атқарылған жұмыстар бойынша апталық есеп пен қорытындыны дайындауды бақылау;

16. Жеке тұлғаның (және жұбайының) мүлкі мен міндеттемелері, кірістері мен мүлкі туралы декларацияны салық органына уақтылы табыс ету, одан кейін Филиалдың кадрлар бөліміне декларацияны тапсыру туралы хабарламаның көшірмесін беру;

17. Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын сақтау және өз тарапынан сыбайлас жемқорлықтың алдын алу;

18. Берілген еңбек міндеттерін орындау кезінде және патогендік биологиялық агенттермен жұмыс істейтін құрылымдық бөлімшелермен өзара әрекеттесу кезінде биологиялық қауіпсіздік ережелерін сақтау;

19. Ақпараттық қауіпсіздік талаптарына, Кәсіпорынның ақпараттық қауіпсіздік саясатына және ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесіне сәйкестік;

20. Кәсіпорынның ішкі қызметін реттейтін құжаттардан туындайтын басқа да міндеттерді орындау.


Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азамат келесі құжаттарды қолма қол немесе курьерлік пошта арқылы ұсынуы қажет:

1) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген);

4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау бойынша мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама (egov арқылы беріледі);

7) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша түйіндеме.

Көрсетілген құжаттардың біреуі болмаса конкурсқа жіберуден бас тартуға негіз болып табылады. Құжаттарды курьерлік пошта арқылы алған жағдайда, олар қайтарылуға жатпайды.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне қатысты қосымша ақпаратты, лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттарды, кәсіби деңгейін (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.б.) ұсынады.


Конкурс келесі кезеңдерден тұрады:

1) біліктілік бағалау;

2) тестілеу;

3) сұхбаттасу өткізу;

4) конкурстың қорытындысын шығару.


Конкурсты өткізу тәртібі ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Басқармасының сырттай отырысының 2023 жылғы 21 қыркүйектегі № 55 шешімімен бекітілген ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК жұмыскерлерінің бос орын лауазымдарын конкурстық орналастыру ережелерімен (ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК сайтында орналастырылған) реттеледі.


Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат: 08:30 -дан – 13:00 -ге дейін 14:30-дан – 18:00- ге дейін Жезқазған қаласы, Гурбы көшесі, - № 6 ғимарат мекенжайы бойынша жүргізіледі.

Құжаттарды қабылдаудың соңғы мерзімі: 2026 жылдың 01 қазан сағат 18:00 -ге дейін.

Анықтама телефоны: 8 (7102) 41-02-41.